Зерттеушіге: зияткерлік меншік

Зияткерлік меншік - зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижесі және оған теңестірілген заңды тұлғаларды, жеке және заңды тұлғалардың өнімдерін, олармен орындалатын жұмыстар мен қызметтерді (фирмалық атаулар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі және т.б.) дараландыру құралдары. Зияткерлік меншіктің объектісі авторлық құқық пен өнеркәсіптік меншік болып табылады.   

Зияткерлік меншіктің басты сипаттамасы меншікті пайдаланудың жеке құқықтарын тек зияткерлік меншіктің иесі, яғни автор ғана шамалай алуында, сонымен қатар, оның рұқсатынсыз зияткерлік меншікті ешқандай бөгде адам пайдалана алмауында.

Зияткерлік меншік нысандары келесі түрлерге бөлінеді: әдебиет, өнер туындылары мен ғылыми еңбектер; фонограммалар жасау, орындаушылық және радиобағдарламасын жүргізу; адам іс-әрекетінің барлық салалары бойынша өнертабыстар; ғылыми жаңалықтар; өнеркәсіп үлгілері; тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және коммерциялық атаулар мен белгілеулер; жосықсыз бәсекелестіктің алдын кесу шаралары.

Зияткерлік меншік қамтиды:

  • авторлық құқық,
  • патенттік құқық,
  • дараландыру құралдары,
  • зияткерлік меншіктің дәстүрлі емес нысандары (интегралдық микросхемалар топологиясы, селекциялық жетістіктер, коммерциялық құпия, өндіріс құпиялары (ноу-хау) және т.б.)

Өнеркәсіптік меншік зияткерлік меншіктің нысаны ретінде өнертабысқа, пайдалы үлгілемелерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атаулар мен тауарлардың шыққан жерлерінің атауына берілген патенттерді қамтиды.

Өнеркәсіптік меншік міндетті түрде белгілі тәртіпте мемлекеттік патенттер тізімдемесіне тіркеледі және патенттің немесе айғақтың болуын талап етеді, зияткерлік меншік тек осындай жағдайда ғана өнеркәсіптік меншік (ноу-хаудан басқасы) дәрежесіне ие болады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік мекемесі (ҰЗМИ) Қазақстан Республикасының патенттік тізімдемесіне сараптама жасайтын ұйым болып табылады.  

Авторлық құқық зияткерлік меншіктің нысаны ретінде ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, ЭВМ-ге арналған бағдарламалардан, деректер қорынан, орындаушылықты, фонограммаларды жасауды және  телерадиоэфир арқылы хабарлар беруді қамтиды.

Зияткерлік меншіктің мұндай нысандары қосымша тіркеуді талап етпейді. Олардың құқықтары автор оларды жасаған кезде пайда болады.

Өнертабысқа берілген патентті беру өтініші келесі құжаттардан тұруы тиіс:

  • инновациялық патентті беру туралы өтініш немесе өнертабыс авторлары немесе инновациялық патент немесе өнертабыс патенті сұратылған тұлғалар көрсетілген патентті беру туралы өтініш, сондай-ақ, олардың тұрғылықты немесе тұрған жері;
  • өнертабыстың мамандар білімнің тиісті саласында іске асыру үшін толықтығын, жеткіліктігін ашатын сипаттамасы;
  • өнертабыс нысанын және оның маңызын анықтайтын өнертабыс формуласы. Формула түсінікті, толық және сипаттамаға негізделген болуы тиіс;
  • өнертабыстың маңызын ұғыну үшін қажетті болған жағдайда сызбалар мен басқа да материалдар;
  • реферат;
  • өкіл арқылы іс жүргізілген жағдайда сенімхат.

Өтінішке қосымша берілетін құжаттар:

  • өтініш беруге ақы төленгенін растайтын құжат.

Өнертабысқа берілген патент түрлері:

  • инновациялық патент – әрекет ету мерзімі 3 жыл (тағы 2 жылға созу мүмкіндігі бар);
  • патент – әрекет ету мерзімі 20 жыл (тағы 5 жылға созу мүмкіндігі бар).

Өнертабыстарды, пайдалы үлгілемелерді, өнеркәсіптік үлгілерді және тауар белгілерін патенттеу мәселесі бойынша бар қажетті ақпаратты «ҰЗМИ» РММ-ның ресми сайтынан таба аласыз: http://www.kazpatent.kz.