"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек.

В.О.Ключевский
Факультеттер жаңалықтары
МФ: Начало сессии

17.12.2025 на медицинском факультете НАО СКУ им.М.Козыбаева началась экзаменационная сессия. С целью укрепление принципов академической честности, про әрі қарай оқу

ТЭҚФ: СҚО Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясы аясында ТЭжҚФ-тің студенттерге дәріс өткізді

2025 жылдың 2 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында студенттерге дәріс ө әрі қарай оқу

МФ: На факультете состоялся круглый стол со студентами посвящённый надлежащим аптечным практикам (GPP)

На факультете прошёл круглый стол со студентами 5 курса фармацевтического профиля на тему «Надлежащие аптечные практики: цели, задачи и подходы к реал әрі қарай оқу

Барлығын оқу

Жатақханалар

  • Университеттің 3 студенттік жатақханасы, 10-шы оқу корпусы (қонақ бөлмелері бар) және 1 жалға алынған жатақханасы бар. Жалпы жобалық қуаты 1564 төсек-орын.
  • Барлық жатақханаларда душ бөлмелері, автоматты кір жуғыш машиналар орнатылған, асүйлер электр плиталарымен жабдықталған, Интернетке (Wi-Fi) тегін қол жеткізу мүмкіндігі берілген.
  • № 2 жатақхана ғимаратында күрес залы, гір көтеру залы, шаңғы базасы орналасқан.
  • №1 және №2 жатақханаларда асхана орналасқан.
  • Барлық жатақханаларда картамен турникеттер арқылы өткізу режимі сақталады.
  • №1 жатақханада полицияның тірек пункті орналасқан, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

2024 жылдың 1 наурызындағы студенттік жатақханаларда бос төсек-орындардың болуы туралы ақпарат   

Жатақхана Жобалық қуаты, төсек-орын
Қоныстанған, адам Бос орындар
Тұрғын қабаттары бар № 10 ғимарат 258 221 37
№ 1 жатақхана 302 288 14
№ 2 жатақхана 445 420 25
№ 3 жатақхана 360 308 52
Барлығы 1365 1237 128

Студенттік жатақханаларға қатысты нормативтік құжаттама:

  1. «М. Қозыбаева тындағы СҚУ» КеАҚ студенттік жатақханалары туралы ережесі  
  2. «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КеАҚ студенттік жатақханаларында тұру туралы келісім 

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ, ТҰРУ ТӨЛЕМІ

«М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КеАҚ білім алушыларды жатақханаға студенттік жатақханалары туралы Ережеге сәйкес белгіленген санитарлық нормаларды сақтай отырып орналастырады.

Студенттердің орналасуы тамыздың соңғы онкүндігінде өткізіледі.

Жатақханаға орналасу үшін сізге ҚАЖЕТ:

  1. Жеке деректерді толтырып және жатақханадан орын алу конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттарды тіркей отырып, онлайн өтінім беру (https://astra.ku.edu.kz/ru/front/accommodation/index);
  2. СҚО бойынша дезинфекция орталығы №2 жатақханада (тек жаппай қоныстану сәтінде)  педикулезге және қышымаға медициналық тексеруден өту немесе Универсальная к-сі, 3а мекенжайы бойынша тиісті анықтаманы алу;
  3. Жеке тұлғалар үшін (студенттің өзіне, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша) жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама алу.
  4. Студенттермен жұмыс департаментіне (152 кабинет №1 оқу корпусы) келу, Жатақханада тұру туралы келісіммен танысу және барлық қажетті құжаттарды толтыру;
  5. Жатақханада тұру үшін төлемді «Kaspi Bank» АҚ немесе «Банк ЦентрКредит» АҚ мобильді қосымшалары арқылы өткізу. Қосымшалар болмаған жағдайда Интернациональная көшесі, 24 мекенжайы бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ филиалындағы терминал арқылы  қолма-қол ақшамен төлеуге болады.

Студенттік жатақханаларда тұру құны 

 Атауы

Айына құны, тг

1     Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылар үшін (грант)      № 1 жатақхана 8900
№ 2 жатақхана

7000

№ 3 жатақхана 10000
№ 10 оқу корпусы 15000
2 Ақылы негізде білім алушылар үшін   12000
3 Алыс және жақын шетелдерден медициналық мамандықтар бойынша шетелдік білім алушылар үшін   15000


Демалыс уақытында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің жатақханасында тұру туралы келісім