Білім беруді ақпараттандыру департаменті

Негізгі мақсаттары мен тапсырмалары


Департаменттің негізгі мақсаты ақпараттық ресурстарды жүйелеу және ЖОО басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру арқылы университеттің дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы ақпараттық-білім беру ортасын құру және оның қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету болып табылады.

Алдына қойылған мақсаттарға жету үшін Департамент келесі тапсырмаларды орындайды:

  • ЖОО-дағы үрдістерді кешендік басқару тиімділігін қамтамасыз ету үшін «Сандық университет» ақпараттандыру бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру;
  • қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үрдісін әкімгерлендіру және электрондық материалдар банкін жасақтау, тестілеу жүйесі мен білім алушылардың білімін бақылаудың басқа құралдарын ендіру және сәйкесінше деңгейде ұстау;
  • университетте автоматтандырылған ақпараттық-есептегіш желілерді ендіру және қолдау, ақпараттық ресурстарды, бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеу мен тиімді қолдануды қамтамасыз ету;
  • ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, сондай-ақ телекоммуникация құралдарын жасауда, дамытуда және қызмет көрсетуде университеттің қажеттіліктерін қамтамасыз ету.

Құрылым


Мораш Дмитрий Александрович

Директор

 +7 (7152) 493723
 +7 (7152) 493233, қос. 1067
 114/1

 

     

бағдарламалау және ақпараттық контент бөлімі;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қашықтықтан білім беру бөлімі;

техникалық қолдау бөлімі кіреді.