Шетел студенттері

WHY M.KOZYBAYEV NKSU?   EDUCATIONAL PROGRAMS   HOW TO JOIN?   FOUNDATION

«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ-дағы РМК Қазақстан Республикасының міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін білім беру қызметтерін ұсынады. Мамандарды оқыту ҚР «Білім туралы» Заңына, Болон декларациясына және білім беру саласындағы басқа да халықаралық құжаттарға сәйкес, «Бакалавр-магистр-доктор» үш деңгейлі жүйесіне сәйкес жүргізіледі. 2004 жылдан бастап университет студенттерге жеке білім беру траекториясын және мұғалімдерді таңдауды ұсына отырып, кредиттік білім беру технологиясын енгізе бастады.

Университет бакалавриаттың 60 мамандығы, 33 магистратура мамандығы, 6 докторантура бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды. Бүгінгі таңда контингенттің сандық құрамы шамамен жеті мыңды құрайды.

Білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған өткізілетін сабақтардың сапасына, студенттерге, оқытушыларға, жұмыс берушілерге сауал қою тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

1988 жылы Болоньяда қабылданған «Magna Charta Universitatum» университеттік грамотасында тұжырымдалған негізгі принциптерді басшылыққа ала отырып, университет Еуропалық жоғары білім беру стандарттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады.

Шетел студенттеріне арналған шәкіртақы бағдарламасы

Шетелдік азаматтар, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-да бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша тегін оқу мүмкіндігін ала алады. Ол үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялаған стипендиялық бағдарлама конкурсына қатысу қажет. Толығырақ

Ақылы оқуға қабылдау

Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-да шетел азаматтарын ағылшын тілінде оқытатын ақылы бөлімге қабылдау өтініштер бойынша конкурстық негізде, қабылдау әңгімелесу және тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

ЖОО-ға қабылдау

Қабылдау емтихандарын және әңгімелесуді сәтті тапсырған, ағылшын тілінде оқытумен мамандығына түсетін және ақылы негізде тікелей шарттарға (келісім-шарттарға) сәйкес қабылданатын шетел азаматтарын қабылдау ағымдағы оқу жылының 16-25 тамыз аралығында өтеді.

Студенттер қатарына қабылдау туралы бұйрықты қабылдау емтиханын сәтті тапсырғаннан, оқу туралы келісім-шарт жасасқаннан және оқу ақысын төлегеннен кейін университет ректоры шығарады.

Оқуға түсу үшін келесі құжаттар қажет:              

1) Білім туралы құжат (түпнұсқа);

2) мектепті бітіргені туралы анықтама;

3) көлемі 3x4 сантиметр 6 фотосурет;

4) егу картасы (086-У нысанындағы медициналық анықтама ЖОО-ның орналасқан жері бойынша ресімделеді);

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Шетел тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

БАРЛЫҚ ШЕТЕЛДІК ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ,

АТА-АНАЛАР МЕН КОНСУЛЬТАНТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК-да оқу үшін Үндістан мемлекеті аумағында шетелдік студенттерді қабылдауға байланысты алаяқтық пен құжаттарды қолдан жасауды болдырмау үшін, барлық сұрақтар бойынша тек Үндістан Республикасындағы Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ ресми өкілдеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

 

Қазақстан :

WhatsApp: +7(701) 561 64 54

WhatsApp: +7(701) 311 30 33

E-mail: medical.edu.sup@gmail.com