Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Факультеттер жаңалықтары
МФ: Сессияға дайындық

  2024 жылғы 10 желтоқсанда емтихан сессиясының басталуы қарсаңында Медицина факультетінің  әкімшілігі студенттермен кездесу өттізді, оның әрі қарай оқу

11 желтоқсан 2024
ПФ: KOZYBAYEV UNIVERSITY ҰЖЫМДЫҚ МОНОГРАФИЯ ҚҰРУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА

Монография - күрделі әлемнің сын-қатерлері талап ететін зерттеу ортасындағы ерекше "айырым белгісі". ​Жобалық зерттеу жұмысында монография басылымы - әрі қарай оқу

13 қараша 2024
АФ: Халықаралық пәндік олимпиада

Біздің университеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызы тек академиялық іс-шаралармен шектелмейді – бұл ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерд әрі қарай оқу

01 қараша 2024
FEDT: Кәсіптік бағдар беруі

31 қазанда Инженерлік және сандық технологиялар факультетінің кафедралары университетте кең ауқымды кәсіптік бағдар беру шарасына қатысты.  Қала әрі қарай оқу

01 қараша 2024
ПФ: Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2024 жылдың қыркүйегінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ педагогикалық факультеті және «Өрлеу БАҰО» АҚ «СҚО бойынша кәсіби даму институты&r әрі қарай оқу

10 қазан 2024
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Бірінші қазанда университетте "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының еңбек сіңірген профессоры, б.ғ.к., доцент Қасия Кангужинаның 75 жылдық мерейтой әрі қарай оқу

08 қазан 2024
ПФ: Құттықтаймыз!!!

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университ әрі қарай оқу

08 қазан 2024
F: 70 тыңдаушы Foundation факультетіне түсті

14 қыркүйекте тілдік даярлық курсына үміткерлер арасында «OES» прокторинг-жүйесі арқылы Foundation факультеті қабылдау емтиханын өткізді. әрі қарай оқу

26 қыркүйек 2024
АФ: экологиялық жастар марафоны

"Birgemiz" волонтерлік фронт-офисі мен "Жастар салауатты өмір салты үшін" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған экологиялық жастар марафоны барлық қала тұ әрі қарай оқу

17 қыркүйек 2024
ТЭҚФ: Тарих, экономика және құқық факультетінде Қазақстанда АЭС салу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

2024 жылғы 12 қыркүйекте ТЭжҚФ-та Қазақстанда АЭС салу бойынша түсіндіру кездесуі өтті, оған ЕжА-21 және МЕ-21 топтарының студенттері қатысты. Іс-шара әрі қарай оқу

13 қыркүйек 2024
Барлығын оқу

Қазақстандағы университеттік автономияға көшу (TRUNAK)

 


TRUNAK
Transition 
to University
Autonomy 
in Kazakhstan

Transition to University Autonomy in Kazakhstan (TRUNAK)

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Еуропалық Комиссия қаржыландыратын Erasmus+ "TRUNАK Қазақстандағы университеттік автономияға көшу" жобасының қатысушысы болды. Erasmus+ "Жоғары Білім Беру Әлеуетін Арттыру" бағдарламасының III конкурсының қорытындысы бойынша 19 ЖОО-дан қазақстандық серіктестердің қатысуымен 9 миллион еуродан астам сомаға жеті жоба қаржыландырылды.

"TRUNAK Қазақстандағы университеттік автономияға көшу" (Transition to University Autonomy in Kazakhstan/TRUNAK) жобасының үйлестірушісі және грант иесі қазақстандық ЖОО – Қарағанды мемлекеттік медицина университеті болып табылады. Жобаның орындалуы 2017-2020 жылдар ішінде жоспарлануда.

Бұл жобаның мақсаты қазақстандық университеттердің дәстүрлі басқару нысанынан автономды басқаруға көшу моделін құру болып табылады. Жобаның негізгі нәтижелері Қазақстандағы жоғары оқу орындарының қазіргі автономиясын және еуропалық жоғары оқу орындарының үздік практикасын талдау, университеттік автономияның базалық моделін және Қазақстан жағдайында осы модельді қолдану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, автономияны одан әрі дамыту үшін тәжірибе мен зерттеу нәтижелерін тарату болып табылады.

Жобаның ресми сайты trunak.eu

TRUNAK жобасының буклеті: на казахском языке, на английском языке, на русском языке.

Жобаға қатысушылар:

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігі;
  2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі;
  3. Еуропалық Университеттер Ассоциациясы (EUA);
  4. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
  5. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
  6. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті;
  7. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті;
  8. Астана медицина университеті;
  9. М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті;
  10. Лунд Университеті, Швеция;
  11. Люблян Университеті, Словения;
  12. Аға Хан университеті-мұсылман өркениетін зерттеу институты, Ұлыбритания;
  13. Люблин техникалық университеті, Польша;
  14. Савония қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия;
  15. Universita Cattolica Del Sacro Cuore Католик университеті, Италия.

Қауымдастырылған серіктестер:

  1. Медицина жастарының Қазақстандық ұйымы;
  2. Htacamp Қауымдастығы (Италия).

 

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ жұмыс тобы

  • С.М. Өмірбаев, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры
  • М.В. Погребицкая, стратегия, сапа және интернационалдандыру Департаментінің директоры, жоба менеджері
  • Т.К. Сагитдинова, "Герман-роман филологиясы" кафедрасының аға оқытушысы, жоба үйлестірушісі
  • Р.К. Шоткин, халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру бөлімінің басшысы
  • Н.Ю. Побежук, Академиялық қызмет жөніндегі Департаментінің директорының орынбасары
  • Д.Т. Есембекова, стратегия және аккредиттеу бөлімінің басшысы

ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

2017 жылғы 13-17 қараша.Қарағандыдағы Ұйымдастырушылық отырыс

2018 жылғы 31 қаңтар. Еуропалық университеттер ассоциациясының (EUA) өкілдерімен екіжақты кездесу

2018 жылғы 5 наурыз. Қарағандыдағы "Қазақстандағы университеттік автономияға көшу" (TRUNAK) жобасының мониторингі

2018 жылғы 19-20 наурыз. Еуропалық университеттер ассоциациясы базасында өткен үйретуші семинар (EUA)

2019 жылғы 4-8 ақпан. Lund университетіндегі семинар

2019 жылғы 18 ақпан. СҚМУ-дағы дискуссиялық алаң. М. Қозыбаев Атындағы

2019 жылғы 25 ақпаны - 1 наурыз. Люблян университетіндегі Воркшоп

2019 жылғы 3-8 наурыз. Люблин техникалық университетіндегі Воркшоп

2018 жылғы 28 наурыз. Ғылыми кеңестегі баяндама

2019 жылғы 5-6 сәуір. "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ базасында жұмыс бабындағы кездесу

2019 жылғы 15-16 наурыз. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасындағы семинар

2019 жылғы 30 қазан. Постердің көрмесі

2020 ж. 18-19 ақпан. Автономия моделін талқылау бойынша жұмыс кеңесі

2020 жылғы 17 маусым, Жобаны ұзарту

2020 ж. қыркүйек. Trunak ролигін ұсыну

2020 жылғы 8 қазан. Жоба нәтижелерін ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсыну

2020 жылғы 17 қазан, Trunak Window онлайн конференциясы

2021 ж. 25 наурыз, Ғылыми кеңеске есеп беру

2021 ж. қыркүйек Консалтингтік топ құрылды


Жарияланым Еуропалық Одақтың ЭразмусҺ бағдарламасы аясында әзірленді және авторлардың пікірлерін қамтып көрсетеді. Атқарушы Агенттік пен Еуропалық Комиссия осы бүктемеде қамтылған ақпараттың кез келген пайдаланылуы үшін жауапты емес.