"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31
Сөздәйектер галереясы

Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.

Ақансері Қорамсаұлы
Факультеттер жаңалықтары
АФ: Дала күні

2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу

ТжӘИ: «Мағжан Жұмабаев: тұлға, әдеби үрдіс және тілтаным» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті  әрі қарай оқу

Барлығын оқу

"Рухани жаңғыру-қазіргі кезеңдегі Қазақстан дамуының маңызды бағыты" атты ғылыми-практикалық семинар

2021 жылғы 12 сәуірде сағат 15.00-де М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің "Рухани жаңғыру" әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер институты "Рухани жаңғыру" бағдарламасының төрт жылдығына арналған "Рухани жаңғыру-қазіргі кезеңдегі Қазақстан дамуының маңызды бағыты" тақырыбында ғылыми – тәжірибелік семинар өткізеді.

Жоспарланып отырған ғылыми-тәжірибелік семинарға: Рахметова Асем Калашбаевна, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Баймулдина Раушан Ауыпжановна, "СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" КММ "Қоғамдық даму және ақпарат орталығы" КММ басшысы, Мусагажинова Айгерим Александровна, этнограф, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанындағы "Халық қазынасы" ҒЗИ дәстүрлі мәдениет бөлімінің басшысы және  Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы, "QAZAQSTAN" РТРК АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, СҚО бойынша облыстық мәслихаттың депутаты қатысады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында мәдениетті, ұлттық кодты сақтау – жаңғыру  шарттарының бірі ретінде қарастырылады. Бұл ретте тарихи тәжірибе мен дәстүрлер қазақстандық қоғамды жаңғыртудың аса маңызды алғышарттары ретінде қарастырылады. Сондықтан, осы ғылыми-тәжірибелік семинар аясында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңыздылығы мен үлесін талқылау жоспарлануда.

Семинар 2021 жылдың 12 сәуірінде сағат 15.00-де "Абайтану" ғылыми-әдістемелік орталығында (248 ауд./ №3ОК) өтеді.


12.04.2021 15:00