2021 жылдың 1 маусымынан бастап магистратураға оқуға өтініштер қабылдау басталады.
Магистратураға кешенді тестілеуге қатысу үшін өтінішті 2021 жылдың 1 маусымы мен 15 шілдесі аралығында беруге болады. Кешенді тестілеу 2021 жылғы 20 шілде мен 10 тамыз аралығында басталады. Өтініш Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы беріледі. Кешенді тестілеу қорытындысы бойынша Сертификат тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда беріледі. Оқуды жалғастырғысы келетіндердің барлығын күтеміз!
Барлық сұрақтар бойынша 8 (7152) 493037 телефонына хабарласуға болады.