"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
дс.
сс.
ср.
бс.
жм.
сб.
жс.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
Сөздәйектер галереясы

Еңбектегі табыс - бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы. Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды.

В.А.Сухомлинский
Факультеттер жаңалықтары
ТЭҚФ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРІС: ПОРТУГАЛИЯДАН КЕЛГЕН ПРОФЕССОР ТАРИХ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2026 жылдың 2 ақпанында академиялық ұтқырлық аясында Kozybayev University-ге келген Азор аралдары университетінің (Португалия) профессоры Томаш Понси әрі қарай оқу

АФ: Құттықтаймыз!

Kozybayev University Агрокомпетенциялар орталығы атынан әріптесіміз, доктор Сәуле Мусурованың кәсіби дамуы жолындағы маңызды қадамымен бөліскіміз келе әрі қарай оқу

ТЭҚФ: Тарих, экономика және құқық факультетінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өтті

2026 жылғы 29 Қаңтарда № 5 оқу корпусының № 1 аудиториясында Тарих, экономика және құқық факультетінің 1 курс студенттерінің Солтүстік Қазақстан обл әрі қарай оқу

ТЭҚФ: Тарих, экономика және құқық факультетіндегі студенттік бастама "Дармарка" жәрмеңкесін экологиялық екпінмен қорытындалды

2026 жылғы 29 қаңтарда Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қабырғасында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының қолд әрі қарай оқу

МФ: Начало сессии

17.12.2025 на медицинском факультете НАО СКУ им.М.Козыбаева началась экзаменационная сессия. С целью укрепление принципов академической честности, про әрі қарай оқу

Барлығын оқу

Тілдер күніне арналған эссе байқауы

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиет институты   «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен  2021 жылдың  22-23 қыркүйек аралығында  Тілдер күніне арналған «Тіл ­- халықтың жаны» атты  тақырыбында эссе байқауы   өткізіледі. 

Эссе байқауын өткізудің мақсаты: қазақ тілдін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау; тіл мәдениетін көтеру; студенттерді қазақ тілін  білуге  ынталандыру; сонымен қатар жастардың  бойында  ұлттық  сананы ояту.

Шараға І курс студенттері қатысады.

         Қатысушы жұмысын  2021 жылдың 23 қыркүйегіне дейін (одан әрі қабылданбайды) келесі электронды мекен-жайға жіберу керек: sandikalua@mail.ru «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының байланыс телефоны: 49-40-42 (ішкі 11-87 немесе 12-04).

Эссені ресімдеуге және бағалауға қойылатын талаптар:

  • Кіріспе
    - риторикалық сұрақ қою;
  • Негізгі бөлім:
    - тезис жасау арқылы тақырыпты ашу;
    - аргумент арқылы дәлелдеу.
  • Қорытынды жасай отырып өз пікірін білдіре алу.
  • Грамматикалық жағынан дұрыстығы:
    - тақырып бойынша ой жүйесі;
    - стилі;
    - емлелік қателер;
    - тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы;
  • Эссенің ресімделуі:
    - Көлемі 2 - 2,5 бет;
    - Times New Roman, 12 шрифт.

24 қыркүйегінен бастап жеңімпаздарға дипломның электронды нұсқасы поштасына жіберіледі немесе Пушкин көшесі 86,  № 3 оқу корпусының 247 кабинетінен алып кетуге болады.

Жеңімпаздарды марапаттау:

 Байқаудың жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады (ұлты қазақ қатысушылар мен қазақ емес қатысушылар бөлек бағаланады).

Қатысушының өз жұмысын толтыру үлгісі:

Тақырып
(Факультет, мамандық, топ, аты-жөні)


23.09.2021 15:00