Табиғат-жердегі тіршіліктің негізі. Адам-табиғаттың баласы. Алайда, адамдардың табиғи ресурстарды жауапсыз пайдалануы және технологияның қарқынды дамуы экологиялық жағдайдың нашарлауына әкелді. Тіршілік ету ортасын сақтау тек бүгінге ғана емес, болашаққа да қамқорлық жасайды. Бүгінгі таңда табиғатты сақтау әр адамның моральдық міндетіне айналады. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әрбір әрекет маңызды. Шығарындыларды азайту, суды ұтымды пайдалану, қалдықтарды сұрыптау - бұл қарапайым қадамдар табиғи ресурстарды сақтауға көмектеседі. Экологиялық бастамаларда жастар өзінің белсенділігі, шығармашылық көзқарасы мен өзгерістерге деген ұмтылысының арқасында ерекше маңызды рөл атқарады. Олардың осындай іс-шараларға қатысуы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға ғана емес, сонымен бірге экологиялық сананы қалыптастыруға да ықпал етеді. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, бұл әрбір қазақстандықтың өмір сүру нормасына айналуы тиіс. Тек бірлескен күш-жігермен біз планетаны сақтап, оны өзімізден кейін келгендерге бере аламыз. Жаһандық және ұлттық экологиялық проблемалар, Қазақстанда АЭС салудың орындылығы, М. Қозыбаев ат. СҚУ студенттерінің экологиялық еріктілігі туралы ойлар, жастар ортасында мәдениетаралық диалогты сақтаудың маңыздылығы және ЖОО-ның «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының қызметі туралы ой-пікірлер «География және экология» кафедрасының еңбек сіңірген профессоры, география ғылымдарының кандидаты, М. Қозыбаев ат. СҚУ ардагерлер кеңесінің төрағасы Тайжанова Мұқарам Мырзатқызының «Болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтайық» монологында ұсынылған.
Монологты көру үшін мына сілтемеге өтіңіз.