"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі-топастық, екіншісі-жалқаулық.

Платон

"Коммуникативтік алаң - діни деструктивті ағымдар және олардың жастарға әсерін болдырмау жолдары"

16.02.2022 "Коммуникативтік алаң - діни деструктивті ағымдар және олардың жастарға әсерін болдырмау жолдары" атты дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шараның мақсаты: толеранттылық сезімін тәрбиелеу, қоршаған шындыққа философиялық көзқарасты қалыптастыру, сыни ойлауға, рухани жетілдіруге және өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал ету, студенттердің бойында қазақстандық патриотизм сезімін нығайту, олардың ағылшын тілін меңгеру дағдыларын нығайту.Іс-шара ҚХА кафедрасы мен Нұр-сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының дінтанушысы О.В. Синяковпен, сондай-ақ ФМЕН 1 курс студенттерінің (28 адам) қатысуымен ұйымдастырылды. Ол діни экстремизм мәселелерін интерактивті талқылау түрінде ең даулы және толғандыратын мәселелер бойынша дөңгелек үстел басында өтті. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, көптеген сұрақтар қойды.Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі. "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі, т. ғ. к., доцент Гривенная Л. А., "Шет тілдер" кафедрасының аға оқытушылары Штро О.Г., Аубакирова С.С.

     

Кафедра шт
21.02.2022