Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
«Арман-Отан-Мәңгі ел» пікірталас клубы
Биылғы оқу жылында Foundation факультетінде білім алып жатқан Моңғолия, Қытай, Өзбекстан және Ираннан келген қандас тыңдаушыларға «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Практикалық қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы және Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайымен бірігіп ұйымдастырған жұмыстың жаңа түрі апробацияланды.Клуб модераторлары - Салмурзин Сағындык, Ахметова Татьяна, Көкбас Жазира, Жамантиков Дархан, Тұрсынғали Нұрбибі ешкімді бей-жай қалдырмайтын өзекті тақырыптарды көтерді. Foundation факультетінің тыңдаушыларына өз көзқарасын білдіруге және оны дәлелдеуге мүмкіндік берілді. Іс-шараға ДК-9с-21-3 тобының тыңдаушысы Төлеужан Айжан, ДК-9с-21-2 тобының тыңдаушысы Рахмбердиев Абдурахим белсенді қатысты.



