"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаһандық қоғамдық трансформациялар контексіндегі конституциялық даму

2022 жылдың 31 тамызында 2 корпустың мәжіліс залында «Құқықтық пәндер» кафедрасы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған облыстық дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға Баймұқанов А.Қ. - Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Жәкенов М.Т. - Петропавл қалалық мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясы Солтүстік Қазақстан филиалы жанындағы білім және денсаулық сақтау жөніндегі облыстық кеңестің төрағасы, «Норд Фарм Маркет» ЖШС директоры, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Баяндамаларда спикерлер заманауи сын-қатерлер мен жаһандық әлеуметтік қайта құрулар жағдайында еліміздің конституциялық дамуының негізгі мәселелерін қарастырды.

01.09.2022