Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

КЕАК СҚУ М. Қозыбаев атындағы профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды

М. Қозыбаев атындағы  СҚУ  КЕАК профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды: 

1. «Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасы
Доцент - 1 бірлік

2. «Орыс тілі мен әдебиет» кафедрасы (13.09.2022 ж. жаңарту)
Аға оқытушы - 0 бірлік
Оқытушы - 0 бірлік

3. «География және экология» кафедрасы
Аға оқытушы - 6 бірлік
Оқытушы - 1 бірлік

4. «Құрылыс және дизайн» кафедрасы
Аға оқытушысы - 4 бірлік

5.  «Көлік және машина жасау» кафедрасы
Аға оқытушысы - 4 бірлік (20.09.2022 ж. жаңарту)

6.  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
Аға оқытушысы - 1 бірлік (15.09.2022 ж. жаңарту)
Оқытушы - 3 бірлік


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Университетте жұмыс істейтін тұлғалар өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:

  • университеттің белгіленген тәртібінде куәландырылған жарияланған және оған теңестірілген ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
  • презентация (3 слайдтан аспайтын көлемде).

Конкурсқа алғаш рет қатысатын тұлғалар өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың (білім туралы құжаттардың) көшірмелері; ;
  • соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса); (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарғ а қатысты қолданылмайды);
  • ұйымның кадр қызметінің қолымен немесе ғылыми мақалаларды жариялау бедерімен расталған соңғы 5 жылдағы ғылыми еңбектерінің тізімі (бұл тармақ практик-оқытушыларға немесе өндірісте еңбек өтілі бар адамдарға қолданылмайды);;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс немесе практикалық қызмет өтілін растайтын өзге де құжаттар;
  • презентация (3 слайдтан аспайтын көлемде).

Құжаттар жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қабылданады: Пушкин к-сі, 86, 2 корпус, 219 кабинетте немесе университет почтасында қабылданады mail@ku.edu.kz анықтама тел. 36-94-68

Профессор-оқытушылар құрамының біліктілік талаптары осы сілтемеде

12.09.2022