Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Мықтыны анықтайтын спорт лига
Волейбол және футзалдан 1 курс студенттері арасында студенттік спорт лига ойындарының ашылу салтанаты өтті. Студенттерді сайыс алдында сергітіп және олардың жақсы нәтижелерге қол жеткізулері үшін , университеттің бас алаңында «Денсаулығымыз өз қолымызда» ұранымен дене шынықтыру жаттығуы ұйымдастырылды. Білім алушылар бір ырғақпен бойларын жаттықтырып, тәні саудың жаны сау екендігін көрсетті. Жаттығу шарасына барлығы 300-ге жуық білімгер қатысты.
Жарыста әр факультет намысын 7 команда қорғайды. Әрбір құрамада 10 ойыншы. Топтық айналымнан өткен қатысушылар, ақтық мәреде сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайтын болады. Студенттік лига қыркүйектің 12-нен бастап 15-не дейін жалғасады. Барлық ойыншыларға сәттілік тілейміз!
