"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тәртіпке бас иген - құл болмайды, Тәртіпсіз – ер болмайды.

Халық даналығы

СҚУ мұражайында кафедра оқытушысы Г.Н. Ахметжанованың ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің тұғыры" атты конференция өтті.

2022 жылы 14 желтоқсан күні Қазақстан республикасының ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ орай "ҚТжӘГП" кафедрасының оқытушысы Ахметжанова Г.Н. студенттермен бірге СҚУ мұражайында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры" атты конференция ұйымдастырды. Студенттер белсенді түрде қатысты. Конференцияның барысында Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету және
студенттердің туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту мақсат қойылды. Тарих БББ бойынша оқитын студенттерге осындай іс-шаралар маңызды болып табылады.

 



Кафедра қтжқ
27.01.2023