"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

Ветеринарлық мамандарға арналған біліктілікті арттыру курстары

2023 жылғы 29-31 наурыз аралығында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының базасында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының және аудандарының ветеринарлық станцияларының мамандары үшін «Ұсақ үй жануарларына ветеринарлық-хирургиялық көмек көрсетудің заманауи әдістері (орхиэктомия, овариоэктомия)» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Мамандарға арналған дәрістерді ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушысы Алма Каубаевна Аубакирова оқыды. «ВетЛекарь» ветеринарлық клиникасының базасында осы тақырып бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар өздерінің кәсіби қызметі саласында білім мен тәжірибелік дағдыларды арттыру үшін осындай курстардан өтуге қызығушылық танытты. Курстар өте нәтижелі болды, кері байланыс, тыңдаушылар көптеген сұрақтар қойды, оларға кеңейтілген жауаптар берілді. Агротехнологиялық факультет мұндай курстарды өткізуге әрдайым ашық. Оқытушылар қазіргі уақытта фермерлерді қызықтыратын өзекті мәселелер мен сұрақтар бойынша аграрлық сала мамандары үшін біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеуге тұрақты негізде дайын. 

Кафедра ақ
01.04.2023