"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

«Ақтабан шұбырынды» Сібір мен Орталық Азиядағы этносаяси үдерістер тарихы контексінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ақтабан шұбырынды» Сібір мен Орталық Азиядағы этносаяси үдерістер тарихы контексінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция екі тілде және онлайн, оффлайн форматында өткізілді.

Конференция барысында өз ғылыми-зерттеу жұмыстарының баяндамаларын ортаға салған тұлғалар:

Әбдіуақап Қара, Mimar Sinan Güzel Sanatlar Üniversitesi, Prof. Dr. (Тürkiye, İstanbul) Баяндама тақырыбы: «Түркиялық белгілі тарихшы ғалым Зәки Уәлиди Тоғанның «Ақтабан Шұбрынды» туралы аймақтық және жаһандық саясат тұрғысынан бағалаулары»

Әбділәшім Дүйсенәлі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы (Астана қ.) Баяндама тақырыбы: «Абылай әулеті отбасы мүшелерінің соңғы тағдыры: жазба деректер негізінде»

Орхан Сөйлемез, Kastamonu Üniversitesi, Çağdaş Türk Lehçeleri ve Edebiyatları Bölümü, Prof. Dr. (Тürkiye, Kastamonu) Баяндама тақырыбы: «Ақтабан шұбырынды» қасіреті: кеңес тарихшыларының зерттеулерінде»

Плешаков Анатолий Андреевич, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының еңбек сіңірген профессоры (доцент), т.ғ.к. (Петропавл қ.) Баяндама тақырыбы: «Батыры Северного Казахстана»

Салмұрзин Сағындық Досмақұлы, Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері, тарихшы (Петропавл қ.) Баяндама тақырыбы: «Халық тарихындағы ең ауыр қасірет»

фото

фото

фото

Кафедра қтжқ
27.04.2023