"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі-топастық, екіншісі-жалқаулық.

Платон

Қазақстан халқы ассамблеясының «Бір ел» атты тарихи- ағартушылық жастар жобасы өтті

2023 жылғы 30 қазаннан 1 қараша аралығында Түркістан облысында Қазақстан халқы ассамблеясының «Бір ел» тарихи- ағартушылық жастар жобасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - ортақ мәдени-тарихи құндылықтарды сақтау бойынша бірегей алаң құру, қазақстандық этностарды «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидаты бойынша біртұтас ұлтқа біріктіру. Жоба бағдарламасы өте мазмұнды да қызықты болды. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері, блогерлер, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, қатысты.

Кафедра қтжқ
11.02.2024