Қозыбаев университетінің математика және физика кафедрасының доценті, PhD докторы, Светлана Луцак ҚР ҒЖБМ «ЖОО үздік оқытушысы – 2024» байқауында жеңімпаз атанды. Республикалық комиссия еліміздегі 90 жоғары оқу орнынан 946 үміткердің арасынан мамандық бойынша үздіктерді таңдады.
Қазақстанның 38 университеттерінің150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысына төсбелгі мен 7 млн теңгеге жуық сыйақы беріледі.Байқау жыл сайын оқытушы мамандығының беделін арттыру және кәсіби біліктілігін одан әрі дамыту мақсатында өткізіледі. Электрондық оқу материалдарын әзірлеу, басып шығару, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабыстарға патенттердің болуы, сонымен қатар, үміткердің, оқыту сапасы, оның бакалавриат, магистратура және докторантурада кадрлар даярлаудағы жұмысы т.б. сияқты көрсеткіштері бағаланды.
Светлана Луцактың педагогикалық және ғылыми қызметте үлкен тәжірибесі бар. Оның қызығушылық саласы: әмбебап алгебра және тор теориясы. Осы тақырып бойынша 2021 жылы ҚР БҒМ 50,6 млн теңге көлеміндегі ғылыми грант жеңіп алды. Іргелі зерттеулер 3 жыл бойы жүргізілді.
Әріптесімізді құттықтаймыз!