Жаһандық экономика мен технологиялардың қарқынды өзгерістері жағдайында, университеттер, өңірлер мен елдің тұрақты даму жолында шешуші рөл атқарады. Осы орайда біз үнемі ЖОО жұмысын ұйымдастыру дағдыларын жетілдіріп отыруымыз керек. Бұл бағыттағы шаралардың бірі- республикалық Хакатон-2025.
Оған еліміздің басқа жоғары оқу орындарынан және ҚР ҒЖБМ келген әріптестермен бірге Қозыбаев университетінің сарапшылар тобы қатысты. «Сколково» Мәскеу басқару мектебі әзірлеген «FuturEdu Strategy Simulation» симуляциялық ойыны аясында өз стратегияларын әзірлеуге, сынауға және нығайтуға мүмкіндік берді. Үш күн бойы қатысушылар тренингтен өтіп, басқарушылық шешімдер қабылдау және олардың салдарын ойын форматында талдау стратегияларын дайындап, әзірледі.
Бұл тәсіл менеджмент дағдыларын дамытуға, пысықтауға мүмкіндік берді. Берілген бюджетті ескере отырып, ЖОО жұмысын барынша тиімді жаңғырту міндеті тұрды. Сондай-ақ, университеттерді трансформациялау жобалары ұсынылды. Барлығы 23 команда қатысып, 2 лига құрылды. Kozybayev University командасы өз лигасында 3 орын алды!