Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Әртүрлі - Тең
Сәлімхан Сәбитов мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасындағы "Әртүрлі - тең" облыстық конкурс турында "Жақсы студент" номинациясының жеңімпазы атанды. Ол М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың "Журналистика" мамандығында оқиды.
Бұл конкурсқа ол жайлы білген соң бірден қатысуды шешті. Ол оны өзін көрсетудің және өз мысалы арқылы басқаларға сенімді және тайсалмай өмір сүру керек екенін айтудың жақсы мүмкіндігі деп санайды.
Сәлімхан достарымен бірге мүмкіндіктері шектеулі адамдар қоғамында бейімделуге көмектесуге үндейтін "Ардос жүрек" қоғамдық бірлестігін ұйымдастырды.
Сәлімхан Сәбитовтың алдында "Әртүрлі - Тең" конкурсының республикалық туры тұр. Ол қазан айының 22-27 аралығында Астана қаласында өтеді, еліміздің барлық түкпірінен 160-тан астам адам қатысады, біз оған сәттілік тілейміз!
