"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.

М.Әуезов

Студенттеріміз алдыңғы қатарда!

Елордада жеңіл атлетикадан әуесқойлар арасында Қазақстан Чемпионаты өтті. Оған үш студентіміз қатысып, жеңіс тұғырына көтерілді! 800 және 1500 м жүгіруде алғашқы екі орынды Никита Изотов жеңіп алды. Дәл осы қашықтықтарда ол, әуесқойлар арасында Қазақстан рекордын орнатты!

Данила Свиржевский ұзындыққа секіруден, биіктікке секіруден, үш қарғып секіруден және ядро лақтырудан 4 алтын, сондай-ақ 3000 метрге жүгіруде қола медальді жеңіп алды.
Юлия Безушко 200 метрге жүгіруде екінші, 60 метрге жүгіруде үшінші орынға ие болды. Спортшылардың жаттықтырушысы ,дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Наумов А.В. ардагерлер санатында сынға түсіп, биіктікке секіруден алтын медальді жеңді. Біз сіздерді құттықтаймыз!

13.02.2025