Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Студенттер қол ұшын созады: суицидтті алдын алудың бірегей жобасы

Қозыбаев университеті «JANYNDAMYN» жобасы аясында ерікті-студенттерді суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша оқытудың алғашқы кезеңін бастады. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер құқықтары және демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен іске асырылды.Жоба ҚР жоғары оқу орындарында алғаш рет жүзеге асып жатыр. Біздің KU Психологиялық қызметі базасында іс жүзінде іске асырып жатқан бірінші ЖОО болып табылады. 

Бүгінгі таңда өзекті проблемалардың бірі- жастар арасындағы суицид мәселесі. Осыған байланысты ұйымдастырушылардың негізі міндеті, студенттерге қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды анықтауға үйрету, дер кезінде алғашқы психологиялық көмек пен қолдау көрсету, қажет болған жағдайда университеттің психологиялық қызметінің немесе медициналық ұйымдардың мамандарына жүгіну болып табылады. Мүмкін, бұл біреудің өмірін сақтап қалуға көмектеседі, сонымен қатар, студенттердің сезімдерін түсінуге мүмкіндік береді.

Еріктілер 2 ай бойы жалпы және даму психологиясы, суицидтің алдын алу, психиатрия, клиникалық психология, төзімділікті дамыту салаларында құзыреттерге ие болады. Олар риториканың, нутрициологияның, салауатты өмір салтын қалыптастырудың қыр-сырын меңгереді. Спикерлер ретінде шараға университетіміздің ПФ оқытушылары, «Пилигрим» Халықтық студенттік театры, СҚО ПДО психиатр-дәрігерлері,«Тарткрафт Фитнес» ЖШС бас директоры шақырылды. Жобаға университеттің факультеттерінен барлығы 40 студент іріктелді.

17.02.2025