Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің ынтымақтастығы: аймақтың даму перспективалары

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің ынтымақтастығына арналған брифинг өтті. Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылы елімізде алғашқы болып басталған шетелдік ЖОО-мен стратегиялық әріптестік жобасы, СҚУ зерттеу ЖОО-на трансформациялауды көздейтінін атап өтті. Бұл үлкен міндет. Біздің ғалымдардың басым зерттеулерінің ішінде Солтүстік Қазақстан өңірі үшін маңызды векторлар – ауыл шаруашылығы, инженерия, IT болып табылады.

«Аризона университетімен бірлескен зерттеулердің арқасында осы бағыттар бойынша маңызды қадамдар жасалды. «Ұлттық қазына геномикасы» жобасы жүзеге асырылуда. Ол Аризона геномика институтының (AGI) биологиялық және стратегиялық маңызды қазақстандық түрлердің реттілігіне қатысуын болжайды. Сондай-ақ Қозыбаев университеті, Аризона Университеті және Қытайдың солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасында біздің базада су ресурстары консорциумын құру туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Аризона университетімен бірлесіп USDA (АҚШ) қаржыландыратын суды микробиологиялық бағалау жобасы жүзеге асырылуда», – деді ректор Ербол Исақаев.

Осы айда Қозыбаев университеті командасы Америкаға сапар шегеді, онда Аризона университетімен бірлескен зерттеулер тақырыбы талқыланады. Сонымен қатар, серіктес ЖОО-мен бизнес және медицина бойынша тағы екі бірлескен білім беру бағдарламасын ашу туралы келісімге қол қою маңызды қадам болмақ.

Аризона университетінің флора және фауна геномикасы мәселелері жөніндегі ғалымы Род Винг осы бағыттағы бірлескен зерттеулер туралы айтып берді: «Қозыбаев университетімен ынтымақтастық, бидай геномын зерттеудегі үлкен бастамаларымызды іске асырып, Қазақстанның осы дақылды өндіру бойынша алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналуға мүмкіндік береді. Аризона университетінде 20 жыл бұрын біз күріш геномын ретке келтіру жұмысын бастадық. Бұл бағыттағы жетістіктер бүгінде басқа дәнді дақылдармен де жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Геномика мен генетика арқылы біз төзімді, суды аз тұтынатын, бірақ адамға пайдалы барлық қасиеттерге ие дақылдарды таңдай аламыз».

Сондай-ақ, спикерлер ретінде Италиядан келген Қозыбаев университетінің профессоры Андреа Зукколо және Агрокомпетенциялар орталығының ғылыми үйлестірушісі Сәуле Мұсұрова сөз сөйледі.

09.04.2025