"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

Ж.Баласағұн

Әзілдері жарасты

Дәстүрлі түрде оқу ордамызда көңілділер мен тапқырлар клубының ойыны болады. 6-7 желтоқсан күндері өткен ойын қазақ тілінде оқитын студенттер арасында өткізілді. Осы жылғы маусымның тақырыбы – «Біз - талантты жастармыз». Біздің оқу ордамыздың студенттері өздерінің дарынды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

КВН ойындары студенттердің сүйікті іс-шараларының біріне  айналған. Биыл оқу ордамыздағы ойынның 11 маусымы ашылды. Осы жылдың ерекшелігі саз және педагогика факультеті командасының алғаш қатысуы болды. Екі күнге созылған жартылай финалдық  ойынға 8 команда қатысты. Ойыншылардың дайындығы, өздерін сахнада ұстауы және қойылған талаптарды орындауы қатаң ескерілді. Сондай-ақ сахнадағы қимылдары мен музыкалық қабілеттеріне аса мән берілді. Көңілділер мен тапқырлар клубының мүшелері өз ойындарында маңызды мәселелерді сөзге тиек етті. Қазіргі жастардың тілдерді шұбарлатуы, жемқорлық мәселелері жайлы әзілдері әділ-қазылар мен көрермендердің қолдауына ие болды.

Ойыншылар сахнада өздерін еркін және көңілді сезінді. Ойынға нығыз дайындықпен келгені айқын көрініп тұрды. Әрбір көрсеткен әзілдері езу  тартарлық.

Ойын көрермендердің көңілінен шықты. Әділ-қазылар өздерінің бағаларын беріп, 5 командаға ақтық ойындарға жолдама берді. Финалдық ойындар наурыз айының соңына жоспарлануда. Көңілділер мен тапқырлар клубының мүшелері финалда да дәл осындай мықты ойын көрсететініне сенеміз.

13.12.2012