"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.

Д.И.Менделеев

Sensitive би театрының ұжымын құттықтаймыз!

Sensitive би театры Түркияның Стамбул қаласында өткен халықаралық ART-фестивалінде тамаша өнер көрсетті.  Құттықтаймыз! Би тобының 10 қатысушысы, оның ішінде жетекшісі Ольга Ростовщикова — Қозыбаев университетінің музыкалық пәндер кафедрасының студенттері.
Ұжым біздің еліміз бен облысымызды Халықаралық сахнада таныстырып, Супер Гран-при, 2 Гран-при және 1  бірінші орынды жеңіп алды! Әрине бұл қажырлы еңбек пен шығармашылық дарындылықтың нәтижесі! Біз әрқашан осы ұжымның жетістіктеріне шын жүректен қуанамыз!
Сонымен қатар бишілер тәлімгердің өнерге деген табандылығы мен сүйіспеншілігінің арқасында жеңіске жетті. «Sensitive» би театрына шабыт, батыл шығармашылық идеялар мен жаңа жетістіктер тілейміз! Алда лайықты марапаттарыңыз көп болсын!
03.02.2026