Сөздәйектер галереясы
Адамды білім сақтайды.
Жүсіп Баласағұн
Конституциялық реформалардағы жастардың рөлі
Осы аптада оқу ордамыздың AФ, ТӘИ және ТЭҚФ факультеттерінде AMANAT партиясының «Болашақ» филиалының қолдауымен ҚР жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған кездесулер ұйымдастырылды.
Іс-шара модераторы AMANAT партиясының «Болашақ» филиалының хатшысы Александр Зель конституциялық өзгерістердің маңыздылығын атап өтті:
«Жаңа Конституцияның мазмұны, ұсынылып отырған бастамалары саяси жүйені жетілдіруге ықпал етеді.Сонымен қатар, білім беру жүйесі мен жастар тәрбиесінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге құқықтық сананы арттыруға бағытталған ».
Кездесу барысында Конституцияның рөлі, азаматтық қоғамды дамыту, құқықтық мәдениет, этносаяси тұрақтылық және жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу мәселелері талқыланды. Спикерлер конституция жобасына енгізілетін негізгі өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды.
05.02.2026
