Сөздәйектер галереясы
Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас.
Боэций
Біздің әріптесіміз, доктор Дженни Лиді шын жүректен құттықтаймыз!
Дженни Ли – Аризона университетінің халықаралық істер бойынша вице-президенті, деканы, халықаралық білім беру саласының беделді сарапшысы . Ол 2026 жылы Education Week журналы жариялаған Edu-Scholar Public Influence Rankings рейтингі бойынша АҚШ-тағы білім беру саласының ең ықпалды 200 ғалымы қатарына енді. Дженни Лиді шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жоғары баға доктор Лидің білім саясаты, ғылыми зерттеулері және халықаралық білім беру саласындағы ерен еңбегін дәлелдейді.
Kozybayev University үшін бұл жетістік айрықша маңызды. Біздің университет Қазақстанда микрокампус форматы бойынша АҚШ университетімен стратегиялық әріптестік орнатқан алғашқы оқу орны болып табылады. Біз The University of Arizona сияқты білім беру саласының жаһандық көшбасшыларымен ынтымақтаса жұмыс жасаймыз. Бұл әріптестік академиялық байланыстарды нығайтып, студенттер мен оқытушыларға халықаралық мүмкіндіктер ашады, сонымен қатар Қазақстандағы ғылым мен білім дамуына жаңа мүмкіндіктер береді.
Доктор Дженни Лиге халықаралық білім беруді дамытуға қосқан зор үлесі, кәсібилігі және стратегиялық әріптестікті қолдағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Жаңа жетістіктер мен жаһандық бастамаларға шабыт тілейміз.
05.02.2026
