Сөздәйектер галереясы
Шын білім - ақиқат, анық білім.
KU ұжымы жаңа Конституция жобасына қатысты пікір алмасты
ЖОО басшылығы, басқарма мүшелері, оқытушылар мен қызметкерлер ҚР жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдарын талқылау мақсатында жиын өткізді.
Басқосуда сөз алған спикерлермен қатар студенттер де өз ой-пікірлерін білдіріп, белсенділік танытты
Шараны бастаған Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев конституциялық өзгерістерді кәсіби тұрғыда талқылаудың маңыздылығына тоқталып, құжат- еліміздің ертеңін айқындайтын стратегиялық мәні зор қадам екенін айрықша атады: «Бұл құжат– әрбір азамат үшін, әсіресе елдің ертеңін қалыптастыратын жастар үшін маңызды. Өзгерістер қазіргі Конституцияның көптеген ережелеріне әсер етеді. Алғаш рет кіріспе деңгейінде білім, ғылым, мәдениет және инновациялар ел дамуының негізгі құндылықтары ретінде бекітіліп, одан әрі жобаның баптары мен тармақтарында пәндік-құқықтық толықтырулар алынады. Яғни, бұл басымдықтар биліктің барлық тармақтары үшін ең жоғары құқықтық негізге айналады. Біз үшін - бұл жоғары академиялық жауапкершілік»
Қатысушылардың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтіп, құқықтық нормалардың тиімді іске асуына жаңа мүмкіндік береді
