Сөздәйектер галереясы
Дұрыс сөздер көркем емес. Көркем сөздер сенімді емес. Жанашыр шешен емес. Шешеннің жанашыр болуы міндет емес. Білгір дәлелдемейді, дәлелдеуші білгір емес
Лао-Цзы
Конституционная реформа и будущее здравоохранения: диалог со студентами
Оқу ордамыздың Медициналық факультетінің базасында студенттер мен СҚО өңірлік денсаулық сақтау өкілдері және медицина ұйымдарының басшылары ҚР Конституциялық реформа жобасын талқылау үшін жиналды.
Кездесу барысында қатысушылар Конституциялық реформаның негізгі бағыттары, оның денсаулық сақтау саласына ықпалы, медициналық ұйымдардың қызметін жетілдіру және құқықтық негіздерді нығайту мәселелеріне жан-жақты тоқталды.
Спикерлер болашақ реформаларды қалыптастырудағы жастардын рөліне және Конституциянын маңыздылығына ерекше назар аударды.
«Бүгінгі талқылау алаңы бірінші кезекте студенттерге елдің конституциялық реформа маңыздылығын түсіндіруге арналған. Жақын арада біздің студенттер оқуларын бітіреді. Сондықтан болашақ дәрігер мамандары ретінде олар бұл құжаттың мәні мен маңызын терең түсінуі қажет. Біз сияқты академиялық қызметкерлер үшін маңызды бағыттардың бірі білім және ғылым деп санаймын»,- деді Медициналық факультетінің директоры Серик Бахтияр.
Шарада білім алушылар мен қонақтар ой-пікірлерімен ұсыныстарын білдірді. Аталған кездесу студенттердің, азаматтық белсенділіктерін дамытып, университеттің қоғамдық маңызы бар бастамаларға атсалысуына мүмкіндік береді.
16.02.2026
