Сөздәйектер галереясы
Адамдар қалай сөйлеуді үйренеді, ал ең басты ғылым - қалай және қашан үндемеуді білу
Түлектер университеттің дамуы мен дәстүрлерін қолдайды
Қозыбаев университетінде Kozybayev Alumni түлектер қауымдастығының отырысы өтті. Іс-шара әртүрлі буын түлектерінің күш-жігерін біріктіретін университетпен байланыстарын нығайтатын маңызды алаңға айналды.
Жиынға еліміздің басқа да аймақтарынан келген түлектер қатысты. Кездесуде түлектер қауымдастығының төрағасы болып СҚО әкімі аппаратының басшысы Руслан Алишев сайланды. Қауымдастықтың хатшысы болып университеттің бас мұрағатшысы Асия Радченко сайланды.
Руслан Қанатханұлы бірлескен күш-жігердің арқасында тәлімгерлікті, кәсіби байланысты дамытуға, тәжірибе алмасуға, студенттерді қолдауға және университеттің аймақтық, халықаралық беделін ілгерілетуге бағытталған Kozybayev Alumni түлектерінің жаңа бастамаларын жүзеге асыра алатынымызға сенім білдірді.
Отырысқа біздің түлегіміз, Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Алтын Жұлдыз және «Отан» орденінің, «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері, биология ғылымдарының кандидаты, қазақстандық биология оқулықтарының авторы Соловьева Алина Робертовна қатысты. Университет өз саласында жоғары жетістіктерге жетіп, елдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген түлектерін мақтан тұтады.
Осы жылы біз республика бойынша түлектердің жұмыспен қамтылуының жоғары көрсеткішіне қол жеткіздік-90%. Бұл университеттегі оқыту деңгейі мен мамандарға деген жоғары сұранысты көрсетеді. Келесі жылы ауқымды Түлектер форумын өткізу жоспарланған.
Түлектер университетте өткізілген бірнеше мерекелік іс-шараларға шақырылды. Мағжан Жұмабаев пен Шоқан Уәлиханов атындағы екі үлкен аудиторияның ашылу салтанаты өтті. Заманауи дизайнмен жөнделіп, ыңғайлы жиһаздармен жабдықталған. Бұл аудиториялар білім алушылардың шығармашылық бастамаларын қолдайтын орта болмақ.
Студенттер, оқытушылар және қызметкерлер үшін жаңа, жайлы китчен-рум кеңістігі ашылды. Әр оқу ғимаратында осындай тамақтану орындары ашылады, ал М. Жұмабаев көшесіндегі жаңа жатақханада кофехана салынады. Түлектер университеттегі естеліктерімен бөлісті. Бұл ұрпақаралық байланыс қазіргі студенттерге тәжірибе жинауға, дамуға және алға жылжуға мүмкіндік береді.
Qyzyljar Creative Center орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Тараптар шығармашылық салаларда, білім беру бағдарламаларында және студенттердің цифрлық құзыреттіліктерінде серіктестікті дамытуды, бірлескен іс-шаралар өткізуді, стартаптар мен жаңа жобаларды жүзеге асыруды көздейді.
Түлектер қауымдастығы әртүрлі ұрпақтардың талантын, тәжірибесі мен мүмкіндіктерін біріктіретін ортаға айналды.
