Сөздәйектер галереясы
Басқалардың айтқанын қайталау үшін білімділік қажет; бұған дау айту үшін ми қажет
Мэри Петтибоун Пул
Студенттер шағын футболдан спартакиадаға қатысты
Турнир Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Толық адам» тұжырымдасы аясында жеңіске деген ұмтылысты және өмірге белсенді көзқарасты білдіретін «Ыстық қайрат» ұранымен өтті.
Жарысқа факультеттерден, институттан және Халықаралық кампустан сегіз команда қатысты. Студенттер жарыс барысында ұйымшылдық пен табандылықтың үлгісін көрсете білді.
Тіл және әдебиет институты мен Педагогикалық факультетінің командалары арасындағы жартылай финалдық матч қызу өтті. Негізгі уақыт 5:5 есебімен аяқталды. Алайда, қосымша уақытта ПФ студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, командалық рухын айқын танытты. Нәтижесінде айып соққыдан кейін 7:6 есебімен жеңіске жетті. ИСТФ екінші орынды иеленсе, ТжӘИ футболшылары үшінші орынды иеленді.
Алмат Зұлқарнай (ФКС-22-2қ. тобы) үздік ойыншы деп танылды;
Артур Бордуненко (Ю-24-2 тобы) 12 гол соғып, үздік шабуылшы деп танылды; Аслан Байқадамов (ФКС-22-2қ. тобы) үздік қақпашы атанды.
Артур Бордуненко (Ю-24-2 тобы) 12 гол соғып, үздік шабуылшы деп танылды; Аслан Байқадамов (ФКС-22-2қ. тобы) үздік қақпашы атанды.
Спартакиада ойындары факультетаралық ынтымақтастықты нығайтып, студенттердің спорттық әлеуетін дамытады.
20.02.2026
