"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбайұлы

Елдің болашағы: студенттер Конституция жобасын талқылады

Конституциялық реформа мемлекет пен қоғам дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Қозыбаев университетінің басқарма мүшелері, оқытушылар құрамы мен студенттер, сондай-ақ БАҚ өкілдері және AMANAT партиясының «Болашақ» филиалының өкілдері TALQYLAU аймақтық диалог алаңында  жиналды.

ҚР жаңа Конституциясының жобасы- мазмұны мен өзгерістерінің ауқымы дәстүрлі конституциялық түзетулердің ауқымынан әлдеқайда асып түсетін құжат.

ЖОО әрқашан ашық диалог жүргізеді, сонымен қатар әділ және құқықтық мемлекетті дамытуға белсенді қатысатын жаңа буын мамандарын даярлайды.  Университеттік ортада сыни ойлау, азаматтық белсенділік және елдің болашағы үшін жауапкершілікті түсіну қағидалары қалыптасады.

« Жаңа Конституция жобасындағы білім беру, ғылым және инновацияның алатын орны ерекше маңызды. Ғылым, зерттеулер және зияткерлік меншікті қорғау мәселелері де Конституцияға енгізілуде . Мұның барлығы мемлекеттің дамуындағы маңызды қадамдар »,-деп атап өтті Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Айгуль Нурпеисова

Жастардың пікірлері конституциялық реформалар тұрғысынан ерекше маңызды. Студенттер қауымдастығы бүгінде әлеуметтік бастамаларды талқылауға белсенді қатысады.

«Конституция еліміздің болашағын айқындайтын құжаттардың бірі. Менің ойымша білім және мәдениет тұрғысынан бұл жаңа бетбұрыс. Қазір жастардың жылы. Сондықтан алдағы референдумға мен де барып дауыс беремін»,-деді ТжӘИ студенті Айғаным Ғинаят

Егер бұрынғы Конституция тәуелсіз Қазақстанның құрылуының негізі болса, жаңа Конституция жобасы жетілген мемлекет пен қоғамға эволюциялық көшуді білдіреді. Бұл жинақталған тәжірибеден бас тарту емес, мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.

20.02.2026