"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ақыл азбайды, Білім тозбайды.

Мақал

Қозыбаев университеті және Soilephone сотталғандарға арналған ЖИ кеңесшісін іске қосады

Қозыбаев университеті мен «Soilephone» ЖШС ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім шеңберінде университет сотталғандар үшін ЖИ негізіндегі заң кеңесшісін әзірлейді.

Жобаның мақсаты-  қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың құқықтық ақпаратқа тең, қауіпсіз қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Осыған дейін «Soilephone» ЖШС мамандары қауіпсіз байланыс платформасын- бейнетаксофондарды жасап, енгізген. ҚАЖ-да мобильді құрылғыларға тыйым салу әлеуметтік оқшаулануды арттырады. Бейнетаксофондар бұл мәселені шешуге және сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған.

Қозыбаев университетімен бірлескен әзірлеменің арқасында сотталғандар бейнетаксофондар арқылы құқықтық ақпаратқа қол жеткізуге және бейімделген нысанда заңнама нормаларын түсіндіруге қосымша мүмкіндік алады. Бұл құқықтық сауатсыздықты және қақтығыстарды азайтуға көмектеседі.

ЖИ кеңесші:

1. Төмендегідей ақпарат береді:
* қылмыстық,
* қылмыстық-атқару,
* азаматтық,
* әкімшілік заңнама
* өтінім үлгілерін ұсынады (заңды өкілдіксіз).

2. Төмендегідей рәсімдерге түсініктеме береді:
* шағымдар мен өтініштер беру;
* шартты түрде мерзімінен бұрын босату;
* басқа тергеу шарттарына  ауыстыру;
* кездесулер мен хабарламалар алу.

«Бұл әлеуметтік маңызды жоба көптеген адамдарға көмектеседі деп үміттенемін. Биыл біз коммерцияландыруға өңірдің кәсіпорындарымен шамамен жеті жоба ұсындық. Біздің көмегімізбен өндірістік қуаттарын арттырып, ғылыми идеяларын жүзеге асыра алады», - деді Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев.

Жобаны іске асыру барысында нормативтік базаға талдау жүргізіледі, сәулеті жобаланады және MVP әзірленеді, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінің бірінде пилоттық жоба іске қосылады.

02.03.2026