"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

СҚОФ «ҚР Халық банкі» өкілдерімен кездесу

Экономика факультеті студенттерінің «ҚР Халық банкі» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Темірғали Маекеновпен кездесуі өтті. Бұл осы қаржы мекемесінің 90-жылдығына орай ұйымдастырылды. Болашақ мамандарға ең талап етілетін банктік бағдарламалардағы қаржы нарығын дамытуда жаңа тенденциялар туралы айтып өтті.

Атап кеткен жөн, экономика факультетінің аз қамсыздандырылған отбасылардың 3 студенті Халық банкінің грантымен оқуда. Оқу аяқталысымен олар осы мекемеде жұмысқа тұрады.

Банктің 33% қызметкері М. Қозыбаев атындағы СҚМУ түлектері

30.10.2013