"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Өзінен бұрынғылар айтқан пікір, ғылыми қорытындыларын бүкпей де, бүркемей де әділ бағасын беру, дұрысын қолдап, терістігін сынай отырып іздену арқылы ғана ғылым ілгерілемек.

Қажым Жұмалиев

"Рыцарлық құмарлықтар" сазды комедиясы

"Кривое зеркало" халықтық студенттер театры көрермендерін Валентин Красногоровтың "Рыцарлық құмарлықтар" сазды комедиясының премьерасымен қуантты.

Жас әртістер сахнада сомдаған пьесаның сюжеті "Ромео мен Джульеттаны" еске түсіреді - дәл сондай қас отбасылар мен балаларының ажырамас махаббаты.

"Қойылыммен 2 ай жұмыс істедік, - деп театрдың режиссері Наталья Петрова айтыпотыр. Әртістердің міндеті 15 ғасырдағы Испания жағдайы мен адамдар арасындағы қарым-қатынас бірігетін спектакльді жарқын әрі ойын-сауық түрінде, біздің кезімізде де өзекті етіп қою".

"Рыцарлық құмарлықтар" -  фарс түріндегі терең ойлы стильмен жазылған спектакль. Осы спектакльдің ерекшелігі - театрдың әртістерімен орындалған аздаған музыкалық бөліктер.

Сазды комедияның премьерасы сәтті өтті, себебі махаббат барлық кезеңде болды және өміріміздің ең бір маңызды сәттеріміз болып қала бермек.

09.12.2013