Сөздәйектер галереясы
Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек.
Г. Овчинниковтың 110-жылдығына арналған конференция
Георгий Овчинников - ғалым, география ғылымдарының кандидаты, Ушинский атындағы Петропавл мұғалімдер институтының ректоры (1953-1954), СҚО-да география жоғары білім беруді ұйымдастырушы. Осы аптада оның 110-жылдығына орай ғылыми конференция өткізілді. Оған Георгий Дмитрийұлының әріптестері мен оқушылары, сондай-ақ, география және экология кафедрасының студенттері мен оқытушылары қатысты.
Шараға жиналғандар ғажайып оқытушының, тәлімгердің өмірі мен жұмыстарын еске алды.
Георгий Дмитрийұлы СҚО Пресновка селосында дүниеге келген. Петропавл педагогикалық техникумын тәмамдаған. Өз қызметін Ленинград қаласындағы География-экономикалық Ғылыми-зерттеу институтында іске асырды. Оның ғылыми зерттеулерінің тақырыптары әлі күнге дейін өзекті деп атап өтті конференцияның қатысушылары: ол СҚО көлдерінің, олардың жер асты суларының жағдайлары, Солтүстік Қазақстанның мәңгі тоң іздері.
Оқуордамыздың мақтанышы бола тұра, Георгий Овчинниковтың мұрасы осы күнге дейін жас ғалымдарға үлгі болып қала бермек.