Сөздәйектер галереясы
Өзін өзі сыйлайтын адам, өзгенің үстінен сөз айтпайды. Ал өзін-өзі сыйлай алмайтын адам өзгені сыйлап қайтеді.
Халық даналығы
Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу
СҚМУ оқытушылары мен студенттері электронды үкімет порталының жұмысымен Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен кездесуінде таныса алды.
Бүгін электронды үкімет - барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін және оларға Интернет, электронды терминалдар мен мобильді телефондар арқылы халыққа қызмет көрсету мүмкіндігін беретін бірыңғай жүйе деп айтып кетті ХҚКО мамандары.
Сондай-ақ, кездесуде www.egov.kz электронды үкімет сайтында қалай дұрыс тіркелуге және порталмен көрсетілетін қызметтерді қалай пайдалануға болатындығы толық түсіндірілді.
04.02.2014
