"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.

Цицерон

"Полиглот" интеллектуалды ойыны

"Полиглот" интеллектуалды ойынында СҚМУ түрлі факультетінің бірінші курс студенттерінің 3 құрама командасы қатысты. Ойын басында әр команда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде "Деректеме карточкасын" ұсынды. Екінші байқау тілдер, әдебиет және елтану бойынша сұрақ-жауап сайысы болды. Одан әрі үш тілде 3 видеоролик көрсетілді және ұсынылған тақырып бойынша қатысушылар өз пікірлерін білдірді: мемлекеттік тілді дамыту, Сочи қаласындағы ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындары, қазақ әліпбиін латынға аудару.

Ойынға түрлі мамандықтардың көптеген студенттері тартылды. Ойын қорытындысында І орынды "Білім" (СПФ және ЖАСФ құрамасы) командасы иеленді. Ең үздік полиглоттар Қадиша Мұқанова, Даир Нұрлан (УиА-13 тобы), Мария Нұржанова (ИЯ-13 тобы), Әсел Шопанова (Бо-13 тобы), Кристина Мельникова (А-13 тобы) атанды.

24.02.2014