Сөздәйектер галереясы
Дұрыс сөздер көркем емес. Көркем сөздер сенімді емес. Жанашыр шешен емес. Шешеннің жанашыр болуы міндет емес. Білгір дәлелдемейді, дәлелдеуші білгір емес
Жастар саясаты тұжырымдамасының талқылануы
05.02.2013 ж. М.Қоззыбаев атындағы СҚМУ-да республикалық жастар ұйымдары филиалдарының көшбасшыларының СҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі Басқарманың бастығы Виктор Молодовскиймен кездесу өтті. Кездесу барысында мемлекеттік жастар саясаты Тұжырымдамасының жобасы талқыланды.
Кездесу үстінде: «Елдің болашағы жастардың қолында. Мемлекетімізге мақсатты, жауапты және белсенді жеке тұлғалар қажет. Ал біздің университетте ондай студенттер аз емес», - деп айтылды.
Қуаныш Мәметов, СҚМУ студенттер кәсіп одағының төрағасы, осындай іс шараларды жиі өткізу керек дейді, себебі осында әрбір студент өз идеяларын ортаға салып, өзекті мәселелерді шешуге қатыса алады.
Іс-шара сәтті өтті. Бұл соңғы кездесу емес. Басқарма қызметкерлері жастар ұйымдары қосбасшылары мен мүшелерінен жаңа ұсыныстар мен шығармашылық бастамалар күтуде.
