"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек.

В.О.Ключевский

Спектакльдің алғашқы қойылымы

Осы аптада "Шаңырақ" қазақ студенттер теарының әртістері жаңа қойылым ұсынды - көрермендерге көңілді күй сыйлаған "Бес бойдаққа бір той" комедиясы. 

Спектакль сюжеті бес баланы жалғыз тәрбиелеген Қырмамбай әкенің отбасы аясында жазылған. Ол қазіргі заманғы ғұрыптар мен жастардың дырду өмірін түсінбей, халық дәстүрі рухымен тәрбиелейді. Қайтқан әйелін қайғырады, осыны байқаған балалары қартайған шақта жаңа жар тауып беруді шешеді.

Соңында әке өз таңдауын жасап, сондай-ақ, балаларының таңдауын құптап, соңы көңілді тоймен аяқталады.

Барлық театр қойылымы музыкалық қоспалармен сүйемелденген.

Жалпы алғанда, спектакль мазмұнды әрі көңілді болды. Залда жарқыраған күлкілер тоқтамады, көрермендер қойылымды қошеметтері арқылы бағалап, әртістерге деген сыйларын сыйлады.

14.03.2014