"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!

Мағжан Жұмабаев

Жастар және ғылым

Оқу ордамызда "Жастар және ғылым - 2014" атты студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға қатысу үшін Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар, Ресей және Украина елдерінің ғылыми-білім беру орталықтарынан 400-ден астам баяндама келіп түсті. 

СҚМУ ректоры Оңдасын Әшімов іс-шараны аша отырып конференцияға қатысушылар мен Астана, Көкшетау, Қарағанды, Жетісу, Омбы, Есіл және басқа да қалалардан келген қонақтарға сәлем берді. Сондай-ақ, университетіміз жайлы айтып өтті: "Оқу ордамызда ғылыми жұмыспен айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған. 7 ғылыми орталық пен 12 зертханадан тұратын ғылыми-техникалық парк жұыс істейді".

Жастардың ғылыммен шындап айналысуы нақты еңбек қызметіне даяр және талап етілетін маман болуға мүмкіндік береді. Сол себепті конференцияда студенттермен түрлі саладағы мәселелер қарастырылды: қоғамды толеранттылыққа тәрбиелеу, антропогенді ландшафтар, сумен қамтамасыз етілу және басқалар. Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде даярланған.

Конференция жұмысы 12 секциялы отырыстарда жалғастырылды.

17.03.2014