Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Польша делегациясымен кездесу
Осы аптада Петропавл қаласына Польша елшісі Яцек Ключовский мен онымен ере жүрген тұлғалар келіп қайтты, сондай-ақ, олар біздің университетімізде де болды.
Құрметті қонақтарды оқу орнымыздың ректоры Оңдасын Әшімов қарсы алды, оларды университет өмірімен, оның білім беру жүйесімен, материалдық базасымен және ғылыми қызметтің бағыттарымен таныстырды.
Ректор оқу ордамыздың Польша университеттерімен бірге қызмет атқаратынын атап өтті, атап айтсақ, 1 семестрде бұл елге 14 студент барады.
Ресми кездесудің соңында Оңдасын Бәйкенұлы мен польшалық қонақтар естелікке фотосуретке түсіп, астрофизикалық орталықты көріп қайтты, одан кейін СҚМУ мұражайына барып университетіміздің 77-жылдық тарихымен танысты.
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың материалдық-техникалық базасының күшті екенін айта отыра, құрметті қонақтар жоғары оқу орнымызбен бірлескен қызмет атқаруға дайын екендіктері туралы ойларын айтты.