Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Сапа апталығы
Қарашаның әр екінші бейсенбісі әлемдік жұртшылық Дүниежүзілік сапа күнін атап өтеді. Халықаралық дәстүрді қолдай отырып, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ қарашаның 10-14 аралығында өзін-өзі айқындауға және өзін-өзі дамытуға арналған, "Өзін-өзі айқындау және дербестік - тиімді оқытудың және табысты кәсіптік әрекеттің түйіні" жалпы ұранында Сапа апталығын өткізді.
Барлық факультеттер мен Тіл және әдебиет институтында 35 аса іс-шара өткізілді: мамандарды даярлау сапасын жетілдіру, жаңа оқыту әдістемелері, бірінші курс студенттерінің бейімделу мәселелері бойынша және т.б. конференциялар, ашық сабақтар, пікірталас, куратор сағаттары, дөңгелек үстелдер; университет ғалымдарының магистранттары мен студенттерінің қатысуымен семинарлар.
