Сөздәйектер галереясы
Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі-топастық, екіншісі-жалқаулық.
КВН-жайдарман
5 желтоқсан күні дәстүрлі қазақ тіліндегі ойынға айналған КВН өз әуесқойларының басын тағы бір мәрте қосты. Оған университетіміздің студенттерімен қатар Астанадан келген қонақтар да қатысты.
Осы жолы ойын 2 кезеңде өтті: сәлемдесу және 80 жылдардағы әндер. 6 команда өткен өмірге бас сұғып, жартылай финалға жолдама алу үшін сайысты.
Ойынды кештің басынан-ақ көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлаған астанадан келген қонақтар "Еркін" командасы ашты. Көңілді және тапқырлар клубында әрдайым тірі атмосфера - әрбір команданы көрермендер барша қол шапалақтарымен қарсы алды. Ойын есте қаларлықтай өтті, себебі ойыншылар көрермендерге жағымды эмоциялар сыйлады.
Ойынның келесі кезеңіне барлық команда өтті, ең көп ұпайды жаратылыстану ғылымдары және спорт факультетінің командасы жинады.
Жартылай финал ақпан айында өтеді.
