"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Пікірталас клубы

Оқу ордамызда құрылған "Анарыс" пікірталас клубы пікірталас туринирлерін ұйымдастыра отыра, өз жұмыстарын белсенді түрде өткізеді.  

Зияткерлік ойындарды өткізу үлгісі - американдық немесе британдық  парламент. Онда өз көзқарастарына көндіруге тырысатын 2 тарапты оппонент, төрешілер, сондай-ақ, бар үдерісті үйлестіруші көшбасшы болады. Айтысу барысында шындық туындайды, пікірталас клубының қатысушылары пікірталастық үлгіде әртүрлі тақырыптарды талқылайды, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерден бастап жемқорлықпен күресу және әлеуметтік желілерге жиі кіру мәселелерін шешу жолдарына дейін. 

Турнирлерге қатысу жастарға шешендік және көшбасшылық қасиеттерді, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, түрлі өзекті тақырыптар бойынша азматтық ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік береді.

19.03.2015