"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Биология бойынша республикалық пәндік олимпиада қорытындысы

Елена Калинко, Светлана Виноградова және Анна Смовдырь − жаратылыстану ғылымдары және спорт факультетінің 4 курс студенттері. Олар жақында ғана Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізілген биология бойынша республикалық пәндік олимпиададан оралды. 

Қыздарымыз құр қол оралған жоқ. Мұндай деңгейдегі іс-шарада жалпы командалық төртінші орын, сонымен қатар жеке есепте құрметті үшінші  орын алу - өте жақсы көрсеткіш. Қыздар орындауға берілген тапсырмалардың оңай болмағандықтарын мойындайды. Алайда, студент-қыздарымыз пәнге деген қызығушылықтарын, материалды жақсы меңгерагендерін көрсете білді - бұған қыздардың марапатталған дипломдары дәлел. 

Жеңімпаздар бұл олимпиада сүйікті пәндерін оқуға деген ынтаны арттырғандығы туралы мойындады.

02.04.2015