Сөздәйектер галереясы
Танымның үш жолы бар: ең оңайы - еліктеу, ең ащысы - тәжрибе, ең мәртебелісі - ойлау.
Ақпараттық-насихаттау тобының келуі
СҚО-ға жұмыс бабымен діни экстремизм және жастар арасындағы суицид мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатымен республикалық ақпараттық-насихаттау тобы келіп отыр. Біздің унивеситетте студенттер қауымымен кездесу өтті. Дін істері жөніндегі Агенттігі Басқармасының бастығы Балтабай Мекежанов және «Науан Хазрет» Көкшетау мешітінің наиб-имамы Қанат Алшымбаев еліміздегі экстремизм және терроризмді алдын алу іс-шаралары туралы айтып өтті.
Жиі жастар радикалды топтардың әсер ету объектісі болады. Сондықтан сарапшылар өз-өзін қорғау туралы да әңгіме қозғады.
Жастар арасындағы суицид мәселесі де талқылауға ұсынылды. Біздің ЖОО-да оқитын студенттерге өз проблемалары бойынша білікті психологиялық көмек көрсетіледі. Студент үшін ең бастысы - өз-өзіне тұйықталмау.
