Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары республикалық штабымен бірлесіп, "Жасыл ел" жалпыұлттық бастамасының 10 жылдығына арналған кешенді іс-шаралар өткізді.
2015 жылғы 13 қарашада Бейбітшілік және келісім сарайында (Астана қаласы) "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары еңбек маусымның салтанатты жабылу рәсімі өткізілді.
Іс-шара аясында мерекелік концерттік бағдарлама қойылып, 2015 жылдың қорытындысы бойынша "Үздік штаб", "Үздік менеджер", "Үздік жұмыс беруші", "Үздік сарбаз", "Үздік жасақ", "Үздік жоғару оқу орны", "Үздік эко-жоба", "Үздік командир", "Үздік жетекші", "Үздік онлайн штаб" номинацияларымен сарбаздар марапатталады.
Оқу ордамыз "Үздік жоғары оқу орны" номинациясында жеңімпаз атанып, дипломмен және құнды сыйлықпен марапатталды.