Сөздәйектер галереясы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Жастар ісі жөніндегі комитет Тұңғыш Президент күніне орай дөңгелек үстел өткізді
Еліміздің қазіргі жас ұрпағы Қазақстанның тәуелсіздік жолының басталуының куәсі бола алмады. Тек жақында болған оқиғаларды салыстырып қана қазақ халқы қаншама нәрсе жасағанын түсінуге болады. Осы 24 жылдың ішінде елімізді қазіргі заманның дана саясаткерлерінің бірі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып келеді.
Қазақстандықтар желтоқсан айының 1-ші жұлдызында Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеті де Елбасына арналған дөңгелек үстел ұйымдастыра отыра, бұл мерекеге дайындалуды шешті.
Дөңгелек үстел басындағы әңгіменің басты тақырыбы, әрине, еліміздің саясаты қалыптасуындағы Елбасының рөлі болды. Оның бастамасымен іске асырылған бағдарламалар мен идеялар талқыланды.
